Таразда бірнеше тұрғын үйдің ауласын жаңбыр суы басып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда бірнеше тұрғын үйдің ауласын жаңбыр суы басып қалды

30.03.2021

Таразда толассыз жауған жаңбыр суы кейбір тұрғын үйлердің аулалаларын басып қалды. Арнайы техникалармен суды сорғызуға көшкен әкімдік өкілдері бұл мәселе арық-атыздарды уақытында тазаламағанның салдарынан болып отыр дейді. Сондай-ақ, шаһардағы каналдардың бойынан заңсыз салынған нысандар да көктемгі қар суының ағып кетуіне кедергі келтіруде. Қазір ұзындығы 82 шақырым болатын 8 каналда тазалау жұмыстары толық аяқталған. Ал су басқан аулаларды құрғату жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу