Елордада бір тәулікте 93 жол-көлік оқиғасы тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада бір тәулікте 93 жол-көлік оқиғасы тіркелді

23.12.2021

Кешелі бері елордада күн күрт жылынып, қар суы көк мұзға айналды. Салдарынан тәулік ішінде 93 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Зардап шеккендер жоқ. Осы ретте Нұр-Сұлтан қаласының полиция басқармасы жүргізушілерді қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды. «Қала көшелерінде қар тазалау жұмыстары тәулік бойы ұйымдастырылған. Жүргізушілерді жолда абай болып, көліктерін жол жиегінде қалдырмауын, қоғамдық көлік қозғалысына, қар тазалау техникасының жұмысына кедергі келтірмеуін сұраймыз. Жолда жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтық және маневрлеу ережелерін сақтау керек. Сондай-ақ, жаяу жүргіншлерге де мұқият болу керек» - делінген хабарламада. 

астана ауа райы

Хабарламаларға жазылу