Алдағы күндері Қазақстан бойынша күн суытады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алдағы күндері Қазақстан бойынша күн суытады

11.01.2018

Алдағы 3 күнде республика бойынша күн суытады. Әсіресе, демалыс күндері көптеген аймақта ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Синоптиктердің болжауынша, еліміздің басым бөлігінде қар жауып, солтүстік, орталық және шығыс аудандарда боран соғып, жел күшейеді. 

Атап айтсақ, бүгін түнде Жамбыл облысында жауын-шашын, бұрқасын, көктайғақ болады.  Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде секундына 23-28 метрге жетуі мүмкін. Оңтүстік Қазақстанда жел күшейіп, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

Алматы, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында тұман, көктайғақ. Синоптиктер алдағы күндері Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды облыстарында қалың қар жауып, бұрқасын болады деп ескерту жасады.

Желдің жылдамдығы секундына 30 метрден асуы ықтимал. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау облыстарында ауа температурасы қалыпты, сынап бағанасы минус 10-15 градус шамасында сақталады деп болжанып отыр.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу