Биыл - Қазақстандағы Өзбекстан жылы

08.01.2018

Қазақстанда Өзбекстан жылы деп 2018 жыл жарияланды. Тиісті мәлімдемені өткен жылдың 16-шы қыркүйегінде Өзбекстанға ресми сапармен барған Нұрсұлтан Назарбаев әріптесі Шавкат Мирзиёевпен кездесуінде айтқан еді. Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына биыл - 25 жыл.  Осы уақыт ішінде жүздеген құжаттар бекіп, мемлекеттер арасында бауырлас ынтымақ орнады. Ал, 1997 жылы Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан Республикаларының арасындағы «Мәңгілік достастық» туралы үшжақты шарт – қарым-қатынасты дамытудағы тағы бір маңызды қадам болды. Өзбек диаспорасы Қазақ елінде саны жағынан үшінші орында тұр. Ресми деректерге сүйенсек олардың саны 550 мыңнан астам. Оңтүстіктегі көршімізбен бізді 2354 шақырым шекара біріктіріп жатыр. 

Фахриддин Қаратаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Биыл Өзбекстан жылы бізде өтетін болса, 2019 жылы Қазақстан жылы Өзбекстанда өтеді. Қарым-қатынас бұрынғыдан жақсарады.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу