Гүлшара Әбдіқалықова Өзбекстан Елшісін қабылдады

02.05.2018

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда айналымы осы жылдың 2 айы ішінде 44 процентке артып, 366 млн. долларды құрады. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова мен Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам Ниязходжаевтың кездесуінде мәлім етілді. Қос елдің сан ғасырлық туыстық қарым-қатынасы, мәдени, достық байланысы сауда-саттықтың да оң қарқынмен дамуына әсер етіп отыр. Гүлшара Әбдіқалықова осы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің негізгі тетіктерін атап өтті. Сондай-ақ, Мемлекеттік хатшы биыл Өзбекстанның Қазақстандағы жылы екенін ескере отырып, екі елдің ғылым, мәдениет, білім беру мекемелері, кәсіпкерлері арасындағы байланысты нығайтып, ортақ ауқымды жобалар мен іс-шаралар жоспарланғанын айтты. Өз кезегінде Өзбекстан Елшісі келер жылды олар Қазақстан жылы деп жариялағанын жеткізіп, тату көршілік қарым-қатынасты нығайтуда зор табыс тіледі.

 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу