Биыл Шымкент пен Ташкент арасында автобус бағдары ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Шымкент пен Ташкент арасында автобус бағдары ашылады

12.10.2017

Бүгін Парламент Сенаты Қазақстан мен Өзбекстан арасында Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау жөніндегі заң жобасын қабылдады. Бұл қадам екі ел арасындағы алыс-берісті арттыруға септігін тигізеді. Заң жобасын депутаттарға Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек таныстырды.

Ведомства басшысының айтуынша, келесі жылдан бастап екі елдің өзге де қалалары арасында автобус қатынайтын болады. Хаттамаға сәйкес автомобиль көлігімен жолаушыларды тұрақты және транзиттік тасымалына құқықтық норма орнатылады.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасында жолаушылар тасымалы бойынша тұрақты автобус маршруттары жоқ.  Бұл өз кезегінде шекарадан өту кезінде қолайсыз жағдайға алып келеді. Сол себепті, хаттама күшіне енгеннен кейін осы жылы Шымкент-Ташкент қалалары арасында,  ал келесі жылы елдердің басқа қалаларымен қатынасын тұрақты автобус маршруттарын ашу жоспарлануда.

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу