Астанада Әлішер Науаиға ескерткіш орнатылатын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Әлішер Науаиға ескерткіш орнатылатын болды

18.03.2018

Консультативті кеңестен кейін Мемлекет басшылары Қазақстандағы Өзбекстан жылының ашылу рәсіміне қатысты. Бұл шара екі ел арасындағы достық пен тату көршіліктің символы ғана емес, тұтас өңірдің серіктестігін нығайтуға, мәдени тұрғыдан жақындасуына үлес қосқан бастама болды. Өзбекстан – тарихы бай, өзіндік мәдени мұрасы бар, адамзат өркениетінің көне бесігінің бірі саналады. Концертте елдің танымал таланттары өнер көрсетті.

Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында елімізде бірнеше мәдени іс-шараны өткізу жоспарланған. Астанада түркі халықтарының атақты философы, мемлекет қайраткері Әлішер Науаиға ескерткіш орнатылатын болды. Ал, Өзбекстанда Абайтануға арналған Өзбек президентінің арнайы қаулысы шыққан. «Ең бастысы, бұл бастама достық қарым-қатынасты, мәдени-гуманитарлық байланыстарды жаңғыртуға бағытталған», - деді президенттер. Салтанатты шарада Нұрсұлтан Назарбаев саяси, экономикалық және мәдени байланысты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Шавкат Мирзиёевке І дәрежелі «Достық» орденін табыстады.

 

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу