Басты Жаңалықтар Демалыс күндері кей өңірлерде 35 градусқа дейін аяз көтеріледі

Демалыс күндері кей өңірлерде 35 градусқа дейін аяз көтеріледі

Демалыс күндері Қазақстанның көптеген аудандарында Сібір антициклонына байланысты күн суық, бірақ, жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы климаттық қалыптан 3-5 градусқа дейін төмендейді, ал, республиканың шығысында әдеттегіден 8-10 градусқа дейін төмен болады. Яғни, түнгі уақытта Солтүстік және Орталық Қазақстан облыстарында -25-30, кей жерлерде 35 градус аяз болуы ықтимал. Батыста демалыс күндері жауын-шашынды болмақ. Осы өңірлерде дүйсенбі күні аяз сынып, күн жылынады.

Мөлдір Есқалиева, «Қазгидромет» РМК жетекші инженері:

- Ауа температурасы Астана қаласы бойынша алдағы екі күнде түнде 20-20 градус шамасында ал, күндіз 12-14 градус шамасында. Дүйсенбі күні түнгі сағатта 15-17 градус аяз. Ал, күндіз 8-10 градус суықты көрсетеді.

 

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Бөлісу