Астанада мереке күндері 252 адам медициналық жәрдемге жүгінген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада мереке күндері 252 адам медициналық жәрдемге жүгінген

03.01.2018

Мәселен, елорданың бір ғана травматологиялық пунктіне 31-желтоқсан мен 2-қаңтар аралығында 252 адам медициналық жәрдемге жүгінген. Айта кетейік, Астана қаласы бойынша мұндай 4 орталық бар. Көбіне тұрғындар мұз төбешіктен сырғанап жүріп денсаулығына зақым келтірген. Дәрігерлердің айтуынша, қаладағы барлық сырғанақтар қауіпсіздік талаптарына сәйкес келе бермейді. Сондықтан да, мұндай жағдайлар жиі тіркеледі. Одан бөлек, тұрғындар да қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамайды екен.

Ертісбай Молдағалиев, республикалық Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының дәрігері:

Мұз төбешікке шыққаннан кейін алдына қарамай түсе береді. Содан кейін бір-бірін соғады. Соққаннан кейін құлайды. Сонымен бірге, мұз төбешіктер дұрыс салынбаған деп ойлаймын.

 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу