Елордада кинотеатрлар ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада кинотеатрлар ашылады

25.12.2020

Елордада соңғы екі аптада карантиндік іс-шараларды бұзған 252 кәсіпкерлік нысанға ескерту жасалды. Тексеріс нәтижесінде 180 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігері айтты. Жанна Пралиева ертеңнен бастап орындар санын 30 пайыздан асырмай, көрермендерді екі орын сайын және қатар бойынша шахмат тәртібімен отырғызу арқылы, күшейтілген санитарлық талапты сақтай отырып, кинотеатрлардың жұмыс жасауына рұқсат етілгенін хабарлады. Кинотеатрлар жұмыс, демалыс және мереке күндері сағат 10:00-ден түнгі 00:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері сағат 10:00-ден түнгі 23:00-ге дейін, ал сенбі және мереке күндері сағат кешкі 20:00 дейін істейді. Яғни, жексенбі күні олардың жұмысына тыйым салынып отыр. 

Жанна Пірәлиева, елорданың бас санитарлық дәрігері: 
Жаңа жылды үйде тойлауды талап етеміз. Коропоративтер рұқсат етілмейді. Оны біз айтып кеттік. Жаңа жылды үйде тойлау, өзінің жанұясымен, өзінің баласымен. Сондықтан, басқа қонақтарды шақырмау және үйден ресторан кафелерге бармауды талап етеміз.

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу