Астанада 70 адам медициналық көмекке жүгінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 70 адам медициналық көмекке жүгінді

21.03.2018

Көктайғақтың кесірінен бір тәулікте Астанада 70-тен астам адам медициналық көмекке жүгінген. Қалалық травматологиялық орталықтың кезекші дәрігері хабарлағандай жай күндері жарақат алып келетіндердің саны орташа есеппен 40 адамды құрайды. Ал, осы күндері мұзға тайып құлап мертіккендер саны едәуір көбейген. Тіпті, түрлі жарақат алған кей азаматтарды ауруханаға жіберуге тура келген. Алдағы күндері бас шаһарда ауа райы 9 градусқа дейін жылынбақ. Ал, кешкі температура тиісінше төмен болғандықтан көктайғақ алдағы күндері сақталуы мүмкін.  

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу