Астанада көктайғақтың салдарынан 100-ге жуық көлік соқтығысқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада көктайғақтың салдарынан 100-ге жуық көлік соқтығысқан

05.12.2023

Астанада көктайғақ салдарынан екінші ауысымдағы оқушылар да онлайн оқитын болды. 9 сыныпқа дейінгі балалардың барлығы қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Қазір қалада травматологиялық пунктер мен коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Түннен бері жол, аялдама сияқты халық көп жүретін жерлерге тұз, құм себіліп жатыр. Түске дейін қаладағы бір ғана ұлттық ғылыми травмотология және ортопедия орталығына 40-тан астам адам жүгінген. Мамандар, жарақат алған жағдайда бірден медициналық көмек көрсету пунктеріне баруды ескертеді. Балалар мен зейнет жасындағы азаматтарға аса қажеттілік бюолмаса, үйден шықпауға кеңес береді. Көктайғақ салдарынан, қалада 100-ге жуық көлік соқтығысқан.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу