Қазақстандықтар саны көбейді

08.01.2014
Қазақстандықтар саны көбейді
 
Қазақстанда әрбір төртінші нәресте Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келеді. Бұл облыста Қазақстан халқының 15 пайызы тұрады. Облыс жақында тағы рекордсмен атанды.
 
Мереке күндері яғни, 31 желтоқсан мен 1 қаңтар күні облыста 262 нәресте туған. Алматы облысында екі күнде 159 бала, Қарағанды облысында 121 нәресте, Астанада бұл күндері 61 бала, Алматыда 52 бала дүниеге келген. Ал ең аз бала туу көрсеткіші Ақмола облысы, мұнда мереке күндері тек 18 бала туды.
 
Жалпы, 31 желтоқсан мен 1 қаңтарда елде 1200 бала туды. Ал 2014 жылдың алғашқы алты күнінде қазақстандықтардың саны 4015-ке көбейді, яғни, осыншама нәресте дүниеге келді.
 
Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу