Астанада мереке күндері ауа райы жылы болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада мереке күндері ауа райы жылы болады

03.07.2014
Астанада мереке күндері ауа райы жылы болады

 

 

 

Елорданың 16 жылдығын мерекелеу күндері ауа температурасы жылы болады, деп синоптиктер болжам жасауда. 4 шілдеде ауа температурасы  күндіз +23+25°С, түнде +10+12°С болуы ықтимал, деп хабарлайды astana.kz.

Келесі күні күндіз ауа температурасы сынап бағанасы бойынша +25+27°С, түнде +12+14°С болады. Ал Астана күні  6 шілдеде ауа температурасы +30+32°С, түнде +15+17°С болады.

Сонымен қатар, алдағы күндері көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады.

 

Хабарламаларға жазылу