Қызылордада металлургиялық кластер құрылады
Қызылордада металлургиялық кластер құрылады. Соның негізінде өңірде машина жасау және шыны, ферроқорытпа зауыттары салынбақшы. Бұл туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев есепті жиында мәлімдеді.
Шыны зауытының құрылысы маусым айында басталады, деп жоспарланса, келер жылы пайдалануға берілетін машина құрастыру зауытында теміржол, тау-кен және мұнай-газ саласына қажетті қосалқы бөлшектер шығарылатын болады.
Ал қазір ферроқорытпа зауытының құрлысын бастау үшін «Байқоңыр» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы инвесторлармен келіссөздер жүргізіп жатыр.
Қырымбек Көшербаев, облыс әкімі:
Кәсіпорын төмен алюминийлік ферросилиций, кремний карбидін, ферромолибден және басқа да өнім түрлерін өндірмек. Жоспар бойынша өндірілетін өнім көлемі жылына 150 мың тонна болмақ. Осының арқасында мыңға жуық жұмыс орны ашылады.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10
Есту қабілетіндегі ақауды ерте анықтайтын алғашқы орталық ашылды
29.07.2026, 13:10
АҚШ-та чиптерді зерттейтін қондырғы орнатылады
29.07.2026, 13:09
Қостанай облысында шекарадан 7 мың литр жанар-жағармай тәркіленді
29.07.2026, 13:09
Ақ үйде Трамп пен Зеленский келіссөз жүргізді
29.07.2026, 13:08