«Қазақша quiz» зияткерлік ойыны ұйымдастырылды
Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Қазақша quiz» зияткерлік ойыны ұйымдастырылды.
Зияткерлік сайыста мемлекеттік мекеме қызметкерлері бақ сынады. Білім беру, мәдениет, медицина салаларының мамандары мен белсенді жастар топ құрып, білім-білігін сынға салды. Сайыс «Эрудиция», «Жаңа Қазақстан», «Логикалық сұрақ», «Таза Қазақстан» кезеңдерін қамтыды. Куиз экологиялық сауаттылықты арттыру мен заң мен тәртіп ережелерін қалыптастыруға бағытталған.
Гүлнұр Төребекова, Сайысқа қатысушы, Ақбұлақ балабақшасы директорының орынбасары:
Жастар ресурустық орталығының ұйымдастыруымен өткен куиз байқауына Ақбұлақ ауылынан келіп отырмыз. Бүгінгі шара жақсы ұйымдастырылған. Жастардың білімін шыңдауға, жан-жақтылығын дамытуға, сонымен қатар жастар арасында орта қалыптастыруға көптеген көмегін тигізеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы