Салық салғырттықты көтермейді
Жалған кәсіп жарға жықты. Елімізде 1300-ден астам жалған кәсіпкер былтыр заң алдында жауап берді. Салықтан жалтару мақсатында ашыла салып, бір-ақ күн жұмыс істейтін мұндай фирмалар тұтынушыға да, мемлекетке де миллиардтаған шығын келтірген.
«Сондықтан, жаңадан қабылданған Салық Кодексінде мұндай алаяқтарға жаза қатаңдатылды», - дейді сала мамандары. Бүгін Астанада салық төлеушілердің ашық есік күні өтті.
Жалпы алғанда, ел тұрғындарының салық төлеу мәдениеті артып келеді. Халықтың 80 пайызы салықты электронды жүйе арқылы төлейді. Бұл - Еуропаның дамыған елдеріндегі көрсеткішпен бірдей.
Үкіметтің жалпы отырысында Елбасы кәсіпкерлік саласына салық органдары тарапынан жөн-жосықсыз жасалатын тексеріс көп деп сынға алған. Ведомство басшылығы бұл сыннан да нәтиже шығардық деп отыр.
Әнуар Жұмаділдаев, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Салық комитеті төрағасы:
Аудан орталықтарында аудит деген былтырдан бастап жоқ. Оны біз облыс орталығына шоғырландырдық.Тек аудан орталығының өзі 200-ден асып кетеді. Сондағы шағын және орта бизнес өкілдерін бұрынғыдай тексермейді. Жалған кәсіпорындардың көп шоғырланған жері - облыстың орталықтары екенін білеміз. Біз тексеруді сол жерде жүргізетін боламыз.
Шынар АСАНҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жүзу спортынан Әлем кубогы басталды
15.10.2026, 10:13
«Қазақша quiz» зияткерлік ойыны ұйымдастырылды
15.10.2026, 10:10
«Таза Қазақстан» Road-эстафетасына қатысушылар 40 тоннаға жуық қоқыс жинады
15.10.2026, 10:09
Almaty SuperSki: Тау туризмінің жаңа кезеңі
15.10.2026, 10:08
Ел аумағында жаңбыр жауып, қар түседі
15.10.2026, 10:06
Қытайда мұздықтар жылдам еріп жатыр
15.10.2026, 10:05
Бразилияда нөсер жауын жауып, туннельде кептеліс болды
15.10.2026, 10:03
Ыстанбұлда нөсер соңы селге ұласты
15.10.2026, 10:02