Басты Жаңалықтар Қазақстан өнімі - Ресей нарығында

Қазақстан өнімі - Ресей нарығында

Қазақстан өнімі - Ресей нарығында
Ресейліктер Қазақстанның азық-түлік өнімдерін жоғары бағалайды. Әсіресе, кондитерлік және шай, ұн өнімдері тұтынушылар арасында зор сұранысқа ие.
Қостанаймен көршілес жатқан Челябі облысының ішкі сауда айналымы 9 миллиард АҚШ долларын құраса, соның 30 пайызы Қазақстан тауарына тиесілі.
 
Дәуренбек Әбдібек, тілші:
Челябі облысы - халық арасында Ресейдің темір жүрегі деп аталады. Себебі, бұл жердің қашаннан темір рудасын өндіру және өңдеумен аты шыққан. Аймақтың мақтанышына айналған металл өнімдері Қазақстанға да экспортталады. Ал мұнда біздің елден негізінен азық-түлік тасымалданады.
 
Владимир Олениннің қазақстандық өндірушілермен әріптестік қатынас орнатқанына 2 жыл. Осы уақыт ішінде оның сауда айналымындағы тауардың қазақстандық үлесі 50 пайызға жетті. Ең көп әкелетіні - кондитер және ұн өнімдері.
 
Владимир Оленин, кәсіпкер:
Мен қазақстандық кондитер және басқа өнімдердің сапасы өте жоғары екенін жақсы білемін. Ресей нарығында қазақтандық өнімдердің молаюына Кеден одағы тікелей әсер етті. Бұл өте оң шешім болды.
 
Челябі облысындағы халықтың саны 3,5 миллион болса, қаланың өзінде 1 миллион 200 мыңнан астам адам тұрады. Аграрлы аймақ - Қостанай үшін бұл көршілік өте тиімді.
 
Себебі, өндірісті өңірде табыс мол, алайда азық тапшы. Сонымен қатар, қазақстандық өнім айрықша сапасымен де тұтынушылардың көңілінен шығады.
 
Надежда Лопатина, Челябі қаласының тұрғыны:
Маған қазақстандық кәмпиттер қатты ұнайды. Одан балалалық шақтың дәмін сеземін. Мұнда ешқандай химиялық қоспа да жоқ. Табиғи, таза.
 
Сания, Магнитогорск қаласының тұрғыны:
Дүкенге кәмпит сатып алуға кірдім. Маған Қазақстанның өнімдері ұнайды. Ылғи сатып аламын.
 
Интеграциялық қадамдар екі елдің арасындағы рухани-мәдени байланыстың нығаюына да септігін тигізіп отыр. «Әсіресе, алыс-берістің жеңілдеуі - экономикалық тұрақтылық пен ілгерілеушілікті қамтамасыз етеді»,- дейді мамандар. Ең бастысы да - осы.
 
Дәуренбек ӘБДІБЕК
Бөлісу