Теңге бағамының өзгеруіне қатысты мамандар пікірі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теңге бағамының өзгеруіне қатысты мамандар пікірі

13.02.2014
Теңге бағамының өзгеруіне қатысты мамандар пікірі
«Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі санында еліміздің ірі компанияларының өкілдері мен экономика саласы мамандарының теңге бағамының өзгеруіне қатысты тұщымды пікірлерін жариялады. Солардың бірқатарына тоқталып өтсек.
 
«ENRC Қазақстан» компаниясының басқарушы директоры Елена Попандопулоның айтуынша экономикамыздың арқауы болып келген және солай болып қала беретін кен-металлургия кешені қазір ауыр жағдайды бастан кешуде.
 
Соңғы бірнеше жылдар бойы сала қолайсыз нарық жағдайында жұмыс істеуде. Бағалар айтарлықтай төмендеді. Мәселен, алюминий саласында 15 пайызға төмендесе, ол үрдіс әлі де жалғасуда.
 
«Осындай жағдайда біз долларға қатысты теңгенің шынайы бағамын белгілеу ісін отандық экспорттаушыларға қолдау көрсетудегі ықпалды шара ретінде қабылдаймыз.
 
Жаңа айырбас бағамы өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, жұмыс орындарын сақтауға, ал біздің инвестициялық бағдарламаларымызды қайта қарауымызға, демек, жаңа жұмыс орындарын ашуға, әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға, сонымен қатар, бюджетке төленетін төлемдер көлемін арттыруға жағдай жасайтын болады.
 
Біз Үкіметтің тұтыну тауарлары бағасының негізсіз өсіп кетуіне жол бермеу жөнінен қабылдаған шараларын қолдаймыз және бұл тұрғыда барынша қатаң қадағалау болуы керек деп есептейміз»,- дейді.
 
 Ал Kaznex Invest Экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі басқарма төрағасының орынбасары Мейіржан Майкенов «Теңге бағамының өзгеруі қазақстандық тауарлар экспортының өсуіне және елдің сыртқы сауда балансының жақсаруына оң әсер етеді.
 
Бірінші кезекте, ол айтарлықтай дәрежеде экспортқа бағытталған, өндірісі импортқа онша тәуелді емес кәсіпорындар үшін оң серпін береді.

Хабарламаларға жазылу