Валюта бағамының құбылуына қатысты іскер топ өкілдері пікір білдірді
«Егемен Қазақстан», «Казправда» газеттерінде теңге бағамының құбылуына байланысты еліміздің іскер топ өкілдері пікірлерін білдірді.
«KSP Steel» компаниясының бас директоры Эдуард Краймердің айтуынша, Теңге бағамына түзетулер енгізілуі нәтижесінде, отандық компаниялар Қазақстан аумағындағы Ресей және Қытай компанияларының агрессивті баға саясатымен нарықтық күресте айтарлықтай басымдыққа ие болады.
Бұл Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне оптимистік тұрғыдан қарауына да мүмкіндік береді. Өйткені, қазақстандық компаниялар бұрынғыға қарағанда, анағұрлым бәсекеге қабілетті бола түседі.
Ал, көлік аккумуляторларын шығаратын «Қайнар-АКБ» компаниясы теңге бағамының төмендеуі жағдайында ұтысқа шығатынын айтады. Өйткені, компания экономиканың шикізаттық емес секторында экспортшы. Теңге бағамының төмендеуі «Қайнар» үшін оңтайлы жағдай қалыптастырмақ, себебі, дайын өнімнің 70 пайыздан астамы экспортқа шығарылады.
Ет пен сүт өнімдерін өндіретін Қазақстандағы аса ірі компаниялардың бірі - «Рубиком» кәсіпорыны ұжымы теңге бағамының АҚШ долларына қатысты түзетілуі отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін жақсартуы тиіс, деп есептейді.
Мұның экспортшылармен қатар, импорт алмастырушы өнім өндіретіндерге де тікелей қатысы бар. «Бұл біздің нақ Кеден одағы шеңберінде, оның ішінде Ресей рыногында өзіміздің шебімізді күшейтуге мүмкіндік береді деп есептейміз.
Ұлттық банктің шешімінен кейін біздің экспорттың көлемі кем дегенде, 10 пайызға артады, деп отырмыз. Себебі, өзімізді ресейліктермен бәсекелестікте қатысты сенімдірек сезінетін боламыз, - дейді кәсіпорын директоры Ирина Турыгина».
Руслан ЖЫЛҚЫБАЙ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10
Есту қабілетіндегі ақауды ерте анықтайтын алғашқы орталық ашылды
29.07.2026, 13:10
АҚШ-та чиптерді зерттейтін қондырғы орнатылады
29.07.2026, 13:09
Қостанай облысында шекарадан 7 мың литр жанар-жағармай тәркіленді
29.07.2026, 13:09
Ақ үйде Трамп пен Зеленский келіссөз жүргізді
29.07.2026, 13:08