Экспортта есеміз кетпейді
Теңгенің жаңа бағамы отандық тауар өндірушілердің экспортын арттыруға жағдай жасайды. Есесіне түсім де еселенеді. Өйткені, экспортқа иек артқан кәсіпорындар доллармен есеп айырысады. Мұндай пікір Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.
Жалпы, бұл әлемде бар тәжірибе. Мәселен, 2011 жылы Беларусь елінде валюта бағамының төмендеуі экспорттың 14 пайызға өсуіне алып келген. Тауарлары жаһанды жаулаған Қытай үкіметі бұндай қадамға жиі барады.
Ресей жақында ғана тауар өндірушілерін қолдау мақсатында осындай шешім қабылдады. Ал біздегі өндірушілердің жағдайы мәз емес. Экспорттық әлеуетіміз айтарлықтай төмендеген. Теңге бағамының өзегруі енді экспорттық тасымалдың тамырына қан жүгіртіп, қайта түлеуіне түрткі болады.
Төлеген Мұқанов, ҚР Кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындары қауымдастығы атқарушы директорының орынбасары:
Бұл Тау-кен металлургия қауымдастығы үшін өте тиімді. Біздің қауымдастықта үш мың адам жұмыс ітейді, 100-ден аса кәсіпорын бар. Өнімдердің 90 пайызы экспортқа шығарылады. Себебі, біздің экспортқа шығатын тауарларымыз жаһандық қаржы дағдарысына байланысты күрт төмендеп кетті.
Эдуард Огай, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы:
Біз бұл шешімді қолдаймыз. Мұның бай немесе орташа тұрмысты халыққа әсерi ескерiлмейдi деп ойлаймын. Бұл бизнестiң өзiне тiкелей тәуелдi. Егер бизнес нық тұрып, дамитын болса, өзгерiстен үлкен пайда табады. Ал бүгiнгi күнi ұлттық валюта бағамын түзету бiзге белгiлi бiр қаржыны үнемдеп, оны бизнестi дамытуға бағыттауға мүмкiндiк береді.
Досымжан ЕРМҰРАТ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10
Есту қабілетіндегі ақауды ерте анықтайтын алғашқы орталық ашылды
29.07.2026, 13:10
АҚШ-та чиптерді зерттейтін қондырғы орнатылады
29.07.2026, 13:09
Қостанай облысында шекарадан 7 мың литр жанар-жағармай тәркіленді
29.07.2026, 13:09
Ақ үйде Трамп пен Зеленский келіссөз жүргізді
29.07.2026, 13:08