Баспана нарығында баға тұрақты
«Қазір елімізде тұрғын үй нарығындағы баға тұрақты», дейді сарапшылар. Олардың айтуынша, қолжетімді баспана бағасы сәл түседі. Ал, бизнес және элиталық үйлердің құны бүгінгі доллар бағамымен бағаланады.
Себебі, бұл деңгейдегі сатып алушылардың 80 пайызы ақшасын АҚШ валютасында сақтайды. Сондықтан, бұл қаржылық өзгеріс оларға көп әсер ете қоймайды.
Сараптамалық орталықтардың мамандары, алдағы уақытта Астана қаласында орта деңгейлі үй бағасы 7-10 пайызға төмендейді, деген болжам айтады. Ал, басқа аймақтарда 10-12 пайыз арзандауы мүмкін. Өйткені, өңірлерде жылжымайтын мүлік нарығының ауқымы тар және жұрт негізінен қаржысын ұлттық валютада ұстайды.
Данияр Нұрғазин, сараптамалық агенттік директоры:
Жылжымайтын мүлік нарығында айтарлықтай өзгеріс жоқ. Себебі, бұған дейінгі бағаның бәрі дерлік доллар бағамымен есептелді. Қазір де солай. Сондықтан, қобалжудың қажеті шамалы. Бағаның күрт көтерілуі, деген әңгіме мүлдем болмайды. Айталық, бүгінде тұрғын үйдің бағасы өз шарықтау шегіне жетіп отыр. Тек әрі қарай төмендеуі мүмкін. Әсіресе, орта деңгейлі баспанана төңірегінде.
Алмат ӘБДІРАМАН
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10
Есту қабілетіндегі ақауды ерте анықтайтын алғашқы орталық ашылды
29.07.2026, 13:10
АҚШ-та чиптерді зерттейтін қондырғы орнатылады
29.07.2026, 13:09
Қостанай облысында шекарадан 7 мың литр жанар-жағармай тәркіленді
29.07.2026, 13:09
Ақ үйде Трамп пен Зеленский келіссөз жүргізді
29.07.2026, 13:08