Қарағандыдағы АК -159/1 мекемесі елімізде бірінші болып тергеу ашықтығына көшті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыдағы АК -159/1 мекемесі елімізде бірінші болып тергеу ашықтығына көшті

12.10.2017

Қазір изоляторда 7 бірдей арнайы кабинет ашылды. Яғни, тергеу бөлмелерінің қабырғалары шынылы болғандықтан, іштегі барлық жағдай көрініп тұрады. Сондай-ақ, мұнда бейнебақылау орнатылған. Тергеудің қалай өтіп жатқанын күдіктінің туыстары арнайы залға қойылған монитордан онлайн бақылай алады. Осылайша, халықтың құқық қорғау органдарына сенімін арттырмақ. Мәселен, өткен жылы бұл мекемеде 5 мыңдай тергеу амалдары жүргізілген. 

Марат Сексенбаев, Қарағанды облысының прокуроры:

- Оның барлығы бір жабық кабинеттерде өткізілген. Мұндай кабинеттерде адамдардың құқықтарын толық қамтамасыз еттік, оларды қорғадық деп айта алмаймыз біз. Өйткені, оның ішінде не болып жатқанын тергеуші мен жаңағы тергеліп жатқан тұлға ғана біледі. Осы жағдайды өзгерту үшін айқын кабинеттерді аштық. 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу