Тауар экспорты артып келеді
Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік қазақ кәсіпкерлеріне үлкен мүмкіндік ашып отыр. Соның арқасында үлкен компанияларды былай қойғанда, шағын кәсіпорындар да Ресей мен Беларусь еліне барып, өз өнімдерін қымбат бағаға сатып жатыр.
Ең бастысы, тауар тасымалына кедергі жоқ, ал сұраныс көп. Мәскеу қаласында өтіп жатқан «Продэкспо» азық-түлік көрмесіне қатысушы отандық бизнесмендер осылай дейді.
Мұхамеджан Қаржауұлы - қостанайлық кәсіпкер. Май тартатын цех ашқан іскер азамат, биылдан бастап тауарын Ресейге экспорттап жатыр. Кедендік одақтың арқасында, шағын ғана шаруа қожалығының басшысы, алып нарыққа шығуға мүмкіндік алды.
Мұхамеджан Акулов, кәсіпкер:
Кедендік одақ ашылған соң, мына нарық мәселелері шешіліп, есіктер ашылып, Мәскеуге келіп жатырмыз. 1 жетіден Мәскеуге келіп, тауарларымызды сатып жатырмыз. Әзірге өтімі жақсы. Енді осы нарықта тұрақтап қаламыз деген ойымыз бар.
Кедендік одақтың арқасында, қазақ кәсіпкерлері үшін 17 миллион тұтынушы 10 есе өсіп, 170 миллионға айналды. Ең бастысы, тауар тасымалына еш кедергі жоқ. Оның үстіне ресейлік сатып алушылар, біздің тауардың сапасына қызығып отыр.
Ирина Артанова, Мәскеу қаласының тұрғыны:
Қазақстанда жасалған консервілік өнімдерді білемін. Дәмі өте жақсы. Ресеймен салыстырғанда, Қазақстанның кәсіпкерлері тауардың сапасына қатты мән береді. Сондықтан сатып алушылар көп болатынына сенімдімін.
Мәскеудегі көрме барысында отандық өндірушілер көптеген серіктес тауып, жаңа келісімдерге келіп жатыр. Соның арқасында, енді кейбір қазақстандық тауарлар тіпті Кедендік одақ асып, алыс шетелге сатылуы мүмкін.
Владимир Хоменко, халықаралық экспорттаушы компанияның директоры:
Біздің компания тауарларды шетелге экспорттаумен айналысады. Бүгін біз бірқатар қазақстандық тауарларды көрдік. Сапасы өте жоғары. Сондықтан алдағы уақытта Жаңа Зеландия мен Австралия нарығына жөнелтуге келістік.
«Продэкспо» көрмесіне әлемнің 70-ке тарта мемлекетінен 2500 компания қатысуда. Олардың арасында азық-түлік өндіретін қазақстандық кәсіпорындар да бар. Бұл жер жерлестеріміз үшін өз өнімдерін кеңінен таныстырып, экспорттың көлемін арттыратын алаң.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы Бүгін Астанада LRT іске қосылды
16.05.2026, 14:10
PGL ASTANA 2026: Әлемнің үздік командалары елордада бас қосты
15.05.2026, 20:24
800 шебер екі шақырымдық құрақ көрпе жайды
15.05.2026, 20:19
Сәуле Досжанның кітабы оқырманға таныстырылды
15.05.2026, 20:16
Қаскелең өзені қоқыстан тазартылды
15.05.2026, 20:13
Конституциялық реформалар жүйелі іске асып жатыр
15.05.2026, 20:09
Көкшетауда «Отбасы аллеясы» ашылды
15.05.2026, 20:08
Астананың сәні мен сәулетін бақылайтын арнайы кеңес құрылуы мүмкін
15.05.2026, 20:08