«Қазақпарат» пен «ИРНА» агенттіктері байланыс орнатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақпарат» пен «ИРНА» агенттіктері байланыс орнатты

07.09.2017

Қазақстан мен Иранның ақпараттық кеңістігі кеңейе түсетін болды. Еліміздің «Қазақпарат» және Иранның «ИРНА» агенттіктері екіжақты меморандумға қол қойды. Енді басылымдар өзара ақпарат алмасып, журналистерге семинарлар өткізіп тұрады. «ИРНА» - Иран Ислам Республикасының ресми ақпараттық агенттігі. Интернет басылымнан бөлек, «Иран» атты газет шығарады. Астананы аралаған агенттіктің бас директоры Мохаммад Ходадди қаланың көркіне көзі тоймайтынын жеткізді. Сондықтан, олар Қазақстанға арнаған алғашқы материалдарында Астананың көрікті жерлері мен «ЭКСПО»-дан фоторепортаж ұсынбақшы.

 

Альбина ӘШІМ  

Хабарламаларға жазылу