БАӘ мен Бахрейн Израильмен дипломатиялық байланыс орнатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БАӘ мен Бахрейн Израильмен дипломатиялық байланыс орнатты

16.09.2020

Біріккен Араб Әмірліктері мен Бахрейн Израильмен қатынастарын қалпына келтірді. Бұл туралы құжатқа Вашингтонда өткен салтанатты рәсім барысында қол қойылды. Әмірліктер мен Бахрейн - соңғы ширек ғасырда еврей мемлекетімен байланыс орнатқан алғашқы араб елдері. Мақсаттары – бірігіп, Иранның аймақтағы күшейіп келе жатқан ықпалына қарсы тұру. 

Рәсім президент Дональд Трамптың арағайындығымен Ақ үйде өтті. 1979 және 1994 жылдары Израильмен дәл осындай келісімге сәйкесінше Мысыр мен Иордания да қол қойған еді. 

Ал Газа секторында талай палестиналық шеруге шығып, бұл пәтуға наразылық білдіріп, араб лидерлерінің, Трамптың және Нетаньяхудың портреттерін өртеді. 

Айта кетсек, араб мемлекеттерінің көбі болашақ Палестина мемлекетінің жерін басып алды деп әлі күнге дейін Израильмен дипломатиялық байланыс орнатпай отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу