Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына биыл - 25 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына биыл - 25 жыл

29.10.2017

Азаттықтың алғашқы күндерінен-ақ Қазақстанның сыртқы саясаты көп векторлы жолға негізделді. Соның арқасында еліміз Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдері және АҚШ-пен тығыз халықаралық байланыс орнатты. Барлық дерлік елдермен дипломатиялық байланыс орнатып қана қоймай, олармен саяси-экономикалық және мәдени-гуманитарлық іскерлікті күшейттік. Сөйтіп бүгінде біздің елді дүниенің 200-ге жуық мемлекеті танып, мойындап, 120-дан астам елмен дипломатиялық байланыс орнады.

Ал, ең ірі экономикалық және стратегиялық байланыс, әрине Ресеймен орнаған. Ресей Федерациясымен Қазақстанның дипломатиялық байланыс орнатқанына биыл - 25 жыл. Апта басында Қазақ пен Ресей басшылары екі ел арасындағы өзара ынтымаққа ширек ғасыр толуына орай, бір-біріне құттықтау жеделхаттарын жолдап, өзара әріптестік байланысты бұрынғыдан да баянды етуге уағдаласты.

Айбек ҚОБДАБАЙ

Хабарламаларға жазылу