Оралда дала өртінен 24 жастағы тұрғын қаза тапты
Батыс Қазақстан облысында дала өрті кезінде тағы бір адам қаза тапты. Ол Қарағаш ауылдық округінің 24 жастағы тұрғыны. Тамыздың 23-інен бастап Шыңғырлау ауданында төрт күн бойы 5 ауылдық округ аумағын қызыл жалын шарпыды.
Алмаз, Ақбұлақ, Белогор, Қарағаш және Лубен ауылдық округтеріндегі шабындық, жайылым, орман-тоғай бәрі отқа оранды. Өрт ауылдарға да қауіп төндірді. Ауданда төтенше жағдай жарияланды. Ауыл түгел тілсіз жаумен күресті. Өртті ауыздықтауға көрші аудандар мен Орал қаласынан өрт сөндірушілер тегіс жұмылдырылды. Қазір өрттің себебі мен шығыны нақтылануда. Бұған дейін Қазталов ауданында дала өрті кезінде бір адам опат болып, 600 қой жанып кеткен еді.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Аi-Sana бағдарламасы аясында 22 мыңнан астам жоба әзірленді
02.10.2026, 21:08
Жасанды интеллект кинофестивалінің қорытынды кезеңі басталды
02.10.2026, 20:33
Қорғалжынның 200-ге жуық тұрғыны экологиялық акцияға қатысты
02.10.2026, 20:32
Еңбек ері Зылиха Тамшыбаеваның 90 жылдығы атап өтілді
02.10.2026, 20:29
Астаналық педагог Қазақстанның ең үлкен картасын жасады
02.10.2026, 20:28
Ұстаздық еткен әулеттің еңбек өтілі 2 ғасырға жуықтайды
02.10.2026, 20:26
Сүт безі обырының алдын алуға бағытталған акция басталды
02.10.2026, 20:25
Вице-Премьер Қанат Бозымбаев Атыраудағы коммуналдық нысандардың жай-күйімен танысты
02.10.2026, 20:24