Елордада «Абайла, жүргінші» акциясы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Абайла, жүргінші» акциясы басталды

17.08.2017

Бір ай көлемінде жауапты орган өкілдері күнделікті жол үстінде, мектепке жақын жерлерде ақпараттық-насихат жұмыстарымен айналысып, қала тұрғындарын сақтық шараларын күшейтуге шақырмақ.

Оқу маусымы басталысымен оқушылардың жолдағы қауіпсіздігіне бағытталған жұмыстар да күшейетіні белгілі. Сол себепті, әдеттегі мектеп инспекторларына кезекті ауысым кезінде жергілікті полиция қызметкерлері көмекке келеді. Бүгін осы тақырыпқа арналған жиында Бақытжан Малыбаев атқарылған жұмысты саралап, алдағы жоспармен бөлісті.

 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу