Бүгін Қазақстан халқы тілдерінің XVI қалалық фестивалі ашылады

05.09.2014
Бүгін Қазақстан халқы тілдерінің XVI қалалық фестивалі ашылады

Елордада дәстүрлі Тілдер фестивалі басталды. Шараның мақсаты - мемлекеттік тілді дәріптеу, Қазақстанда өмір сүретін халықтардың тіліне назар аудару, ұлттық құндылықтарды ұлықтау. 

Фестиваль аясында 19-қыркүйекке дейін түрлі шара ұйымдастырылмақ.

Бұл тұрғыда «Үздік жарнама» байқауы, «Отан - отбасынан басталады» мерекелік іс-шарасы, Қазақстан Жазушылар одағының мерейтойына арналған жас ақындар мүшәйрасы, сондай-ақ, Балуан Шолақтың 150 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш, «Кемел тілдің келешегі» атты жастар акциясы, «Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте» атты мемлекеттік қызметкерлер арасындағы байқау ұйымдастыру жоспарланған.

19 қыркүйекте «Жастар» сарайында өтетін фестивальдің жабылу салтанатында мемлекеттік тілдің аясын кеңейтуге үлес жүрген азаматтар марапатталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Хабарламаларға жазылу