Астана маңындағы Пригородный шағын ауданындағы ескі су мұнарасын бұзуға қатысты жағдай ушыға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана маңындағы Пригородный шағын ауданындағы ескі су мұнарасын бұзуға қатысты жағдай ушыға түсті

02.08.2017

Естеріңізге салсақ, редакциямызға екі айдан бері электр қуатынсыз қалып, шығынға батқан бір топ азамат шағымданып келген еді. Ескі нысанның ішінде электр қуатын өткізіп тұрған қалқан болған. Бүгін шағымданушылар «су мұнарасы тапа-тал түсте құлады» деп тағы хабарласты. Енді олар гараждарынан ағытылып тасталған электр қуаты үшін емес, «бас амандығымызды уайымдап отырмыз», - дейді.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу