Қарағанды облысындағы бірнеше жолды су шайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысындағы бірнеше жолды су шайды

12.04.2021

Қарағанды облысының аумағында жолдарды су шайды. Осакаров ауданында Молодежный кентінен 7 шақырым жерде және Қызылорда – Павлодар республикалық автожолында қарғын су жүрген. Сондай-ақ, Осакаров-Молодежный жолының бір бөлігін де су шайған. Әсіресе, Нұра ауданында қардың қарқынды еруі байқалады. Салдарынан Нұр-Cұлтан-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау автожолының бір учаскесінде көлік қозғалысы тоқтаған болатын. Қазір барлық жолдарда жағдай қалыпқа келді. Бүгінде Нығман және Ақтүбек ауылдары маңындағы Кон өзені тасып жатыр. Нұра елді мекенінің жанында қызыл су жүруде. Бірақ елді мекендерге әзірге қауіп төніп тұрған жоқ.

Ербол Байғазиев, төтенше жағдайларды жою басқармасының басшысы:
Нұра ауданы әкімдігімен және жергілікті мердігер компаниялармен бірлесіп елді мекендер маңындағы жағдайды назарда ұстаудамыз. Ең күрделі деген Нұра ауылының маңындағы судың деңгейі қазір түсті. Мұндағы мұз кептелістерін жою үшін бірнеше жерден жару жұмыстарын жүргіздік. 

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу