Қаратөбе тұрғындары Президенттен көпір салып беруді, бөгеттерді жаңғыртуды сұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаратөбе тұрғындары Президенттен көпір салып беруді, бөгеттерді жаңғыртуды сұрады

04.04.2024

Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданындағы эвакуациялық пунктке барып, үйін су басқан тұрғындармен кездесті. Қажым Жұмалиев атындағы мектепте орналасқан эвакуациялық пунктке қазір 180-нен астам адам тұрып жатыр. Барлығы дерлік қызыл су басқан Қоржын ауылының жұрты. Олармен кездесу барысында президент барлығына тиісті көмек көрсетілетінін жеткізді. Мемлекет басшысының айтуынша, мұндай көлемдегі тасқын бұрын болмаған. Тек осыған ұқсас жағдай 1994 жылы тіркелген. Бірақ, биылғы тасқын одан да асып түсті, - деді Президент.

Бұдан бөлек, кездесуде жергілікті тұрғындар Жақсыбай және Қалдығайты өзендеріне көпір салып беруді, ауыл маңындағы бөгеттерді жаңғыртуды сұрады

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Көпір мәселесі бойынша мен Үкіметке міндетті түрде тапсырманы беремін. Тиісті қаражатты бөлеміз. Енді келешекте тек қана аманшылықта кездесе берейік


Хабарламаларға жазылу