Ресейдің Орынбор облысында екінші су бөгеті жарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің Орынбор облысында екінші су бөгеті жарылды

07.04.2024

Орынбор облысының Орск қаласында екінші су бөгеті жарылып, өңірде барлығы алты мыңнан астам үй су астында қалды. Сондықтан төтенше жағдайлар режимі ұзартылды. «Бұл Орынбор облысының тарихындағы ең көлемді су тасқыны»- дейді өңір басшысы. Бір күнде екі рет су бөгетінің жарылуы-жағдайды қиындата түсті. Салдарымен күресу үшін, 600 маман, 160 техника жұмылдырылды. Қазір қаланы коммуналдық қызметтерін ретке келтіру, тұрғындарды таза ауыз сумен қатмамасыз ету мәселесі тұр. Өйткені тасқыннан Орскте ішек аурулары тарай бастады. Соңғы екі тәуліктің ішінде 18 тұрғын медициналық көмекке жүгінген. Алдағы 2 аптада жағдай бұдан да ушыға түсуі мүмкін.

Александр Ситников, Ресей ТЖМ Орынбор облысы бойынша баспасөз қызметінің басшысы:

«Орскіде эвакуация жалғасуда. Қазір төтенше жағдайлар қызметі екінші су бөгеті жарылған Никель ауылының маңында адамдарды құтқаруда. Сонымен қатар, су басқан аудандарда да құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр.» 


Хабарламаларға жазылу