«Астана су арнасының» 4 маманы қызмет барысында жазатайым қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана су арнасының» 4 маманы қызмет барысында жазатайым қайтыс болды

23.05.2019

Олар қаланың Бауыржан Момышұлы көшесіндегі ескі су сорғысы стансасын бұзуға барған екен. Тиісті мекеменің мəліметінше, барлық қауіпсіздік шаралары сақталған көрінеді. Тек бір қызметкер 10 метр тереңдікке оқыс құлап, қалған үшеуі соны құтқарамын деп жүріп метанға уланып қайтыс болған. Тағы біреуінің өміріне дəрігерлер араша түсіп, əзер дегенде аман алып қалыпты. Төтенше жағдай департаментіне хабарлама жеткізген де сол қызметкер екен. Қазір оқиға орнында тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Сот медициналық сараптама тағайындалады.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу