«100 жаңа есім» қатарында ғалымдар да болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«100 жаңа есім» қатарында ғалымдар да болады

26.07.2017

Тәуелсіз Қазақстанның дамуына сан-сала бойынша өз үлесін қосқан өзге ұлт өкілдері аз емес. Әсіресе, ғылым саласында елдегі ілгері ілімді әлемге танытып жатқан этнос өкілдері баршылық. Олардың барлығы Қазақстандағы бірлік пен береке үшін аянбай тер төгіп келеді. Тап сондай азаматтарды Елбасы ұсынған «100 жаңа есім» жобасына енгізу керек. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, саясат ғылымдарының докторы Наталья Калашникова осылай дейді. Оның айтуынша, белгілі бір салада үздік атанып, сол арқылы еліміздегі ұлтаралық ауызбіршіліктің айқын көрінісі болып жүрген өзге ұлыс өкілдеріне мұндай қолдау, жастарға үлгі көрсетудің таптырмас тетігі.

 

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу