Табысты кәсіпкер Баһаргүл Төлеген астаналық жастармен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Табысты кәсіпкер Баһаргүл Төлеген астаналық жастармен кездесті

09.03.2018

Қазақстандағы «100 жаңа есім» жобасына енген, белгілі этнограф, табысты кәсіпкер Бахаргүл Төлеген астаналық жастармен кездесті. «Еңбекпен жеткен бизнес биігі» тақырыбындағы жүздесуде табысты болудың қыр-сыры мен кәсіпкерге қажетті ерекше қасиеттер туралы айтылды. Сонымен қатар, еңбекқор әйел өзінің өнегелі өмір баспалдақтары жайлы әңгімелеп, студент жастардың сұрағына жауап берді. Айта кетейік, Бахаргүл Төлеген ұлттық нақыштағы кәдесыйлар мен бұйымдар жасап шығаратын кәсіпорынның иесі. Бүгінде кәдесыйдың мыңнан астам түрін шығаратын кәсіпорын өткен жылғы Универсиада ойындары мен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ресми серіктесі болды.

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу