Астанада Ақселеу Сейдімбек атындағы бильярдтан дәстүрлі турнир өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Ақселеу Сейдімбек атындағы бильярдтан дәстүрлі турнир өтті

26.06.2017

Журналистер қаламын кийге ауыстырды. Астанада Ақселеу Сейдімбек атындағы бильярдтан дәстүрлі турнир өтті. Жылда журналистер күні қарсаңында ұйымдастырылатын шараның деңгейі мен ауқымы артып келеді. Мәселен, биыл қатысушылардың қатары 50-ге жуық. Олар ақсақалдар мен жастар болып екі топқа бөлініп сынға  түсті. Тас-таяқтағы тартыс кәсіби спортшылардан кем түспеді. Журналистер жоғары деңгейде ойын өрнегін көрсетіп, мерекені әсерлі атап өтті.

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу