Еуразия Ұлттық университеті БАҚ өкілдерін марапаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуразия Ұлттық университеті БАҚ өкілдерін марапаттады

26.06.2018

Бүгін Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ұжымы еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, марапаттады. Олардың арасында «Қазақстан» телерадиокорпорациясының қызметкерлері де бар. Мәселен, белгілі журналистер - Қайнар Олжай мен Әлімжан Сабыржанұлы «Күлтегін» халықаралық медалімен марапатталды. Сондай-ақ, Әлімжан Сабыржанұлы жыл сайын университет ұйымдастыратын бильярдтан Ақселеу Сейдімбек атындағы турнирдің бас жүлдесін жеңіп алған болатын. Білім ордасының ректоры салтанатты түрде турнирдің кубогын табыстады. Айта кетейік, Еуразия Ұлттық университетінде журналистика және саясаттану факультеті бар. Осы факультеттің түлектері еліміздегі іргелі бұқаралық ақпарат құралдарында табысты еңбек етіп жүр. Бұл университет - журналистика кадрларын дайындайтын ең үздік білім ошақтарының бірі. Университет пен БАҚ арасында берік байланыс орнаған. 

Ерлан Сыдықов, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры:

- Осы университетіміздің журфагында аудиториялар ашып жатырмыз.

 

Азамат НҰҒЫМАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу