Бүгін - ұлт ұстазы атанған Ақселеу Сейдімбектің туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - ұлт ұстазы атанған Ақселеу Сейдімбектің туған күні

12.12.2017

Ақселеудің алып бейнесі күн өткен сайын зорая түсуде. Ол - бүгінгі қазақ қоғамының көзі жеткен шындығының бірі. Ақселеу халқымыздың, өр-рухының, өнегелі салтының, аса көрнекті өкілі еді. Ақын көп адам айта бермейтін, айтса да жаза бермейтін қазақтың көне мәдниеті мен рухани шежіресін шырылдай жүріп қорғай білді. Бүгін - ұлт ұстазы атанған Ақселеу Сейдімбектің туған күні.

 

Жазушы, әдебиет зерттеуші, ғалым, филология ғылымдарының докторы Ақселеу Сланұлы Сейдімбек 1942 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Әкесі Слан Екінші дүниежүзілік соғыста қайтыс болып, әкесінің ағасы Аманбектің тәрбиесін көріп өскен.

 

1961 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне оқуға түсіп, 1968 жылы журналистика факультетін бітіріп шықты. Университетте оқып жүріп 1963-1964 жылдары Троицк қаласында әскери міндетін атқарып қайтады.

 

Ақселеу Сейдімбек 8 ғылыми монографияның, 400-ден астам мақаланың авторы. Сондай-ақ Гомердің «Илиада», «Одиссеясын», И.Можейконың «Әлемнің 7 және 37 кереметін» қазақ тіліне аударды. Жазушының шығармалары ағылшын, венгр, неміс, орыс, өзбек, чех, эстон тілдеріне аударылған.

 

Өмір бойы ұлт руханиятын көгерту үшін еңбектенген тұлға соңында өшпес із қалдырып, 2009 жылдың 16 қыркүйегінде соңғы сапарға аттанды.

Хабарламаларға жазылу