Ұлттық академиялық кітапханада Ақселеу Сейдімбекті еске алу кеші өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық академиялық кітапханада Ақселеу Сейдімбекті еске алу кеші өтеді

24.02.2016
Ұлттық академиялық кітапханада Ақселеу Сейдімбекті еске алу кеші өтеді

24 ақпанда сағат 15.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында белгілі ғалым, этнограф-жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Ақселеу Сейдімбекті еске алуға арналған «Ақселеу әлемі» тақырыбында кеш өтеді.

Ақселеу Сейдімбек – Қазақстанның әдебиеті мен өнерін, мәдениеті мен руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосып, төл тарихымызға жарқын қолтаңбасын қалдырған көрнекті тұлға.

Кешке қатысушылар өздерінің баяндамалары арқылы Ақселеу Сейдімбектің асқар талантының қыр-сырын ашып, қаламгердің өмір жолынан естеліктер айтатын болады. Сондай-ақ, Ақселеу Сейдімбектің баяндамаларының бейнежазбасы көрсетіліп, әндері орындалады. Бұдан бөлек, «Ақселеу әлемі» тақырыбындағы кітап көрмесінде ғалымның еңбектері ұсынылады.  

Хабарламаларға жазылу