Журналистер арасында бильярдтан жарыс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Журналистер арасында бильярдтан жарыс өтті

25.06.2018

Журналистер сайысқа түсті. Астанада Бұқаралық ақпарат құралдары мерекесі қарсаңында сала қызметкерлері арасында бильярдтан жарыс өтті. Ақселеу Сейдімбек атындағы дәстүрлі турнир жыл сайын өтеді. Биыл қатысушылардың саны 60-тан асқан. Арасында әр өңірден келген белгілі журналистер бар. Олар екі топқа бөлініп, мықтыны анықтады.

Турнир Еуразия Ұлттық университетінің журналистика факультетінің қолдауымен ұйымдастырылды. 

Қайрат Сақ, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің деканы:

- Бұл турнирдің мақсаты - журналистер қауымын біріктіру, дидарластыру және мамандық бойынша пікір алмасып, саланы одан әрі дамытуға өздерінің үлестерін қосу. Биыл да еліміздің барлық аймақтарынан журналистер жиналып отыр.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу