Алматының жолаушылар автобусы шатқалға құлады
Алматының «Медеу» мұз айдынына барар жолда жолаушылар автобусы шатқалға құлады. «ПАЗ» маркалы автобус «Просвещенец» ауданында бұрылған кезде жолдың шетіне шығып кеткен. Жүргізушінің айтуынша, қара түсті «Mercedes» оның жолын бөгеген. Көлік апатын болдырмау үшін ол автобустың рөлін дереу оңға бұрып, жолдың жиегіндегі көмкермеге соққан. Сөйтіп, көлік төменге құлдилаған. Автобуста жалғыз болған жүргізуші жеңіл жарақат алып, аман қалды. Ал, осы жол-көлік оқиғасы салдарынан көпір, екі газ құбыры бүлінді.
Амангелді СЕЙТХАН
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді
16.07.2026, 20:35
Қосшыда бірнеше әлеуметтік нысан салынып жатыр
16.07.2026, 19:45
150 орындық оңалту орталығының құрылысы қайта жанданды
16.07.2026, 19:38
Қарымта матч: «Астана» «Динамо Ситиді» қабылдайды
16.07.2026, 19:36
ШҚО-да еріктілер Дұбығалы көлінің жағалауын тазалады
16.07.2026, 19:32
Сарапшы: Шоқан еңбегі – ғылымның алтын қоры
16.07.2026, 19:31
Жалпы құны 15 миллиард доллардан асатын 70-тен астам келісімге қол қойылды
16.07.2026, 19:30
Қауіпті ойыншық: Сквиш пен слаймға бақылау күшейді
16.07.2026, 19:25