Павлодарда «Қазақстандық татулық пен келісім үлгісін ілгерілету» атты семинар басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда «Қазақстандық татулық пен келісім үлгісін ілгерілету» атты семинар басталды

18.05.2017

Еліміздегі ұлтаралық татулық Тәуелсіздігімізді мәңгілік етудің кепілі болмақ. Павлодарда өтіп жатқан «Қазақстандық татулық пен келісім үлгісін ілгерілету» атты семинарға қатысушылардың пікірі осындай. Қарапайым адамгершілік, сыйластық, түсіністік бар жерде бейбітшілік пен тұрақтылық болатыны қазақ халқына ертеден мәлім. Үш күнге жалғасатын семинар барысында мемлекеттік этносаясатты жүзеге асыру, жастар тәрбиесі, медиация, көші-қон, қылмыстың алдын алу сынды тақырыптар кеңінен талқыланады.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу