Алматыда «Қазіргі әдістемелік қызмет және оның даму болашағы» атты республикалық семинар басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Қазіргі әдістемелік қызмет және оның даму болашағы» атты республикалық семинар басталды

14.05.2015
Алматыда «Қазіргі әдістемелік қызмет және оның даму болашағы» атты республикалық семинар басталды

Алматыдағы «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығында «Қазіргі әдістемелік қызмет және оның даму болашағы» атты республикалық семинар басталды.

Еліміздің барлық аймағынан жиналған 150-ге жуық әдіскер мен педагог-ғалымдар Қазақстандағы білім беруді модернизациялау жағдайында әдістемелік қызметтің сапасын арттыру туралы талқыламақ.

Семинар барысында әдіскерлер қазіргі педагогтық қызметтің озық үлгісін табу үшін «Үздік әдістемелік қызмет» тақырыбында жоба қорғайды.

Үздік жоба республиканың барлық аймағында педагогтардың әдістемелік құралы ретінде бекітілмек.

 

Аманкелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу