«Бастауға жол» атты бейбітшілік пен келісім акциясы басталды
Бүгін Елордада халықаралық «Бастауға жол» атты бейбітшілік пен келісім акциясы басталды. Жоба діндер арасындағы келісім мен халықтарды бейбітшілікке шақыру мақсатында өткізілуде.
Бүгінгі таңда жобаға отызға жуық адам қатысады, олардың бесеуі өзіміздің қандастарымыз. Қатысушылар екі ай ішінде 7 мың шақырымнан астам жолды жүріп өтеді.
Соның ішінде мың шақырымын жаяу өтпек. Астанадан бастау алған бейбітшілік пен келісім мәдениет күндері өзге де елдердің қалаларында жоспарланып отыр.
Руслан Абдуллин, «Бейбітшілік пен келісім» қайырымдылық қорының президенті:
Біз дінаралық диалог, мәдени мұра мен шығармашылыққа қол жеткізуде әріптестік құру тұжырымдамасын дайындап, алдағы уақыттарды алты елді шарлап өтеміз. Сапарымыз Одессадан бастап, Грекияның Солоники қаласына дейін жалғасады. Бүгін Қостанай қаласына бет аламыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да электр желісінің 80 пайызы тозып тұр
10.12.2025, 20:58
Отандық фильм көрерменге жол тартты
10.12.2025, 20:46
Бүгін – халықаралық Адам құқықтары күні
10.12.2025, 20:46
Астанада ертең де аяз болады
10.12.2025, 20:39
Электрлі самокатпен ереже бұзғандарға айыппұл көлемі белгілі болды
10.12.2025, 20:38
Мектептегі жаңа ас мәзірі
10.12.2025, 20:32
Аяз, көктайғақ, кептеліс: Қалада көлік қозғалысы қиындады
10.12.2025, 20:29
Әлем жаңалықтарына шолу
10.12.2025, 20:09