Еліміздің барлық аймақтарында «ЭКСПО-2017» көрмесіне билет кассалары ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің барлық аймақтарында «ЭКСПО-2017» көрмесіне билет кассалары ашылды

28.03.2017

Еліміздің барлық аймақтарында «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған билет кассалары ашылды. Әр облыста бір касса. Ал, Астана мен Алматыда қосымша нүктелер бар. Осы аптада ЭКСПО билеттері темір жол билеттерімен бірге саудалана бастайды. Сондай-ақ, интернет арқылы да билеттерге қол жеткізуге болады.

Айта кетейік, көрмеге арналған билеттердің құны 4 пен 8 мың теңге аралығында. Ал, ең қымбаты 20 мың теңге тұрады. Ол билет бір жағынан кәдесый сияқты. Себебі, киізден жасалған. Саны да шектеулі. 10 дана ғана. Ол билеттің иесі көрмеге кез-келген уақытта кіре алады.

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу