Ресейдің 8 қаласында «Экспо-2017» көрмесінің билеттері сатыла бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің 8 қаласында «Экспо-2017» көрмесінің билеттері сатыла бастады

20.03.2017

Шет мемлекеттердің арасында «Экспо-2017» көрмесіне билет сататын алғашқы ресми кассалар іргеміздегі көрші елден ашылды. Енді «Экспо» билеттерін  Ресейдің 8 бірдей қаласынан сатып алуға болады.

Мамандар қазірдің өзінде ең көп турист – осы Ресей жерінен келеді деп болжап отыр. Саяхатшылар ғана емес, ресейлік компаниялар да көрмеге белсенді түрде қатысып, 100-ден аса іс-шараны өткізеді.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу