Үштөбеліктер офицерді ақтық сапарға шығарып салды
Қар көшкіні кезінде қаза болған офицер Әлішер Мошабаев Алматы облысының Үштөбе қаласында жерленді. Марқұмның соңында анасы, жары және бір жасар баласы қалды. Аға лейтенант Мошабаев 1991 жылы дүниеге келген. 2008 жылы мектеп бітіріп, Алматы қаласындағы әскери институтқа оқуға түседі. Оқуын ойдағыдай аяқтап, Жамбыл облысындағы 91/678 әскери бөліміне жөнелтіледі.
Жас офицер әскери қызметінен бөлек экстремалды альпинизммен шұғылданған. Қаралы митингте сөз алған қарулас достары Әлішердің ерлікпен қаза тапқанын айтты. Егер взвод командирінің жедел әрекеті болмағанда опат болғандар саны одан да көп болар еді деген болжам келтіруде.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір жылда Қазақстан экономика көлемі бойынша Португалия мен Финляндиядан озды
27.10.2026, 13:23
Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы жанкүйерлері қайырымдылық жасады
27.10.2026, 13:15
Ресейде Зика безгегі анықталды
27.10.2026, 13:12
Израильде парламентке сайлау болып жатыр
27.10.2026, 13:10
Жамбыл облысында жаңа өткел салды
27.10.2026, 13:07
Қазақстан – Ресей шекарасындағы бекетті жаңартып жатыр
27.10.2026, 13:05
Түркістан облысында жасөспірімнің аяғы комбайнның орағына қысылып қалды
27.10.2026, 13:04
Жоғалды делінген 17 мың адам табылды
27.10.2026, 13:02