Маңғыстауда бекіре тұқымдас балығына ау салғандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда бекіре тұқымдас балығына ау салғандар ұсталды

24.06.2016
Маңғыстауда бекіре тұқымдас балығына ау салғандар ұсталды

4 әзірбайжан азаматы теңіз маржанын оңай жолмен олжалағысы келген. Алайда, әскери қызметте жүрген шекарашылар оларды кенеттен байқап, соңдарына түседі. Браконьерлер 3 моторлы шағын көлемді кемемен зулай жөнеледі. Әскерилер бір сағаттай ілесіп отырып қуып жетеді.

Көршілес ел азаматтары қитұртқы әрекеттерін іске асыруға тыңғылықты дайындалып шыққан екен. Себебі, кемесінен 200 литрлі 5 және 50 литрлі 7 жанармай бөшкесі тәркіленді. Оның үстіне 1 спутниктік байланыс құралы, 3 ұялы телефон, тағы 3 навигациялық карта табылған. Сондай-ақ, ау және балық салатын арнайы 30 жәшіктері бар. 

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу